Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пышақ жүзіндей өткір сөздер

01.03.2021, 10:35 2343

HALYQLINE.KZ

-Қарапайым адамдарсыз ұлы адамдар болмайды.

-Жалаңаш адам ештеңе жоғалтпайды.

-Мәжбүрлейтін жерде тәртіп пен ережелер болмайды.

-Білмегенді сұрау – бір сәтке ұят, ал білмеу – өмір бойына ұят.

-Мінсізтүзу ағаш сирек кездесетіні сияқты, адал адам да сирек кездеседі.

-Ерлі-зайыптылар бір дененің қолдары мен көздері сияқты болуы керек. Себебі қол ауырғанда көз жылайды, көз жылағанда қол сүртеді.

-Жапырақтар батып, тастар қалқып шығатын кез де болады.

– Алыс жол бір қадамнан басталады.

-Ақымақтықтан қауіпті жау болмайды.

-Жүріп бара жатқан адамды ұстама, ал келе жатқан адамды қуып жіберме.

-Мұхиттар мен теңіздер кішігірім өзендер мен бұлақтарды жатсынбайтындығымен ұлы болады.

-Азап пен қайғыны жыртылған киімді шешкендей тезірек тастап үйрен.

-Жатқан адам ешқашан сүрінбейді.

-Сәл иілуден қорықпа, тіптен түзеліп тұруды үйренесің.

-Қарсыласына қарағанда жарты сағатқа кім артық төзсе жеңіс соған келеді.

-Күн жаман мен жақсы деп ажыратпай барлығына жылу шашады. Өзін тапқан адам да күн сияқты болады.

-Күлкі мен қуанышқа толы үйге әрқашан бақыт өзі келеді.

-Күлімсіреген бетке ешкім жебе қадай алмайды.

-Көңілді адам кедергілерді оңай жеңеді.

-Қабілетсіз адам мнсіз дүние жасай алмайды.

-Салқын шай мен тамаққа төзуге болады, бірақ салқын қабақ пен қатынасқа төзу қиын.

-Проблеманы шешуге болатын болса, алаңдап қажеті жоқ, ал егер проблеманы шешу мүмкін емес болса оған алаңдаудың мәні жоқ.

-Ақымақ қателіктерінен құтылуға тырысады, ал ақылды адам қателіктерін түзетуге тырысады.

-Дән піскенде басы иіледі, ал адам байыған кезде басын кегжитеді.

-Әйел адам қаласа тау мен тасты бұза алатын күшке ие болады.

-Үндемейтін адамның жанында абай бол!

Амантай Тойшыбайұлының парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: