Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Вакцинаның екінші дозасын егу басталды

22.02.2021, 18:15 573

HALYQLINE.KZ  Бүгін Қызылордада вакцинацияның екінші дозасын егу басталды. Ақпан айының басында өңірді «Спутник V» вакцинасының 1 мың дозасы әкелініп, осыншама адамға егілген болатын. Олардың 939-ы медицина қызметкері болса, 61-і басқа да ерікті түрде келген қала тұрғындары.

Бүгін тағы 1 мың доза әкелінді. Араға үш апта салып, оларға екінші мәрте дозаны егу жұмыстары жүргізуде. Сала мамандарының айтуынша, бұл жолғы екпе алдыңғы вакцинаның әсерін күшейтеді. Әрі ағзадағы қорғаныш қабілетін арттырады.

«Өзім ерікті түрде ақпанның бірінде алғашқылардың бірі болып екпені салдырдым. 21 күн уақыт өтсе де екпенің еш кері әсерін байқамадым. Сол себепті бүгін екпенің екінші кезеңінен өттім. Біз бүкіл елді дүрліктірген коронавирус инфекциясын тұрғындар сақтық шараларын толық жасағанда ғана жеңе аламыз. Ал екпенің бұл ретте пайдасы зор. Сондықтан қазір халық арасында вакцинацияның маңызы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов.

Айта кетейік, «Спутник V» ресейлік вакцинасының екінші дозасы қалалық №1, №3 және №6 емханаларда жүргізілетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: