Қызылорда ст. ЖПб қызмет көрсету аймағында 15-17 ақпан аралығында «Мүлдем төзбеушілік» акциясы өткізілді. Мақсат – азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру, халықтың арасында тәртіпсіздікке және ұсақ құқықбұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығына әсер ететін ұсақ құқықбұзушылықтарды ескерту және анықтау.
Акция аясында Қызылорда ст. ЖПб қызмет көрсету аймағына жақын орналасқан оқу орындарында құқық тақырыбында сабақ өткізіліп, әңгімелесу ұйымдастырылды. Теміржол көліктері мен нысандарындағы қауіпсіздік ережелері бойынша мектептерде 24 дәріс, 11 рет тұрғындармен кездесулер, 8 рейдтік іс-шара өткізілді. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы, 434-2-бабы, 440-бабы, 449-бабы, 204-бабы, басқа да баптары бойынша барлығы 43 әкімшілік хаттама толтырылып, профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді. Сонымен қатар, «Nur Otan» ХДП өкілдерімен бірлесіп түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, семинар, брифинг, дөңгелек стол өткізілді.
А.Сапарбек,
Қызылорда ст. ЖПб-нің әкімшілік полиция бөлімшесінің ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры
Көрнекі сурет
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!