Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Модульді жұқпалы аурухана пайдалануға беріледі

17.02.2021, 11:10 389

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы алғашқы есепті кездесуі басталды. Онда 2020 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары айтылады. Айта кетейік, есеп беру эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде өтіп жатыр.

Сөз басын «Дана Абайдың «Бейнет көрмей, дәулет жоқ» деген кемеңгерлік қағидасына сүйеніп, барша халықтың берекелі бірлігінің, тынымды тірлігінің арқасында бұл қиындықты да еңсере білдік» деп бастаған аймақ басшысы әлемді шарпыған індеттің экономикалық үдеріске әсер еткенін айтты.

 – Бүгінгі күні Қызылорда облысы «жасыл аймаққа» тұрақтап, эпидемиологиялық күрделі жағдайдың алдын алуға дайын. Өткен жылы Қызылорда қаласынан заманауи үлгідегі 200 орындық модульді жұқпалы аурухана құрылысы жүргізіліп, толықтай аяқталды. Сәуір айында пайдалануға береміз. Бұған қосымша 3200 төсек-орын мен 3500 медицина қызметкерінен тұратын кадрлық резерв жасақталды. Екі айға жететін дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қоры қалыптастырылып, оған жергілікті бюджеттен 488 млн теңге қаржы бөлінді. Облыстағы медициналық ұйымдар қажетті медициналық жабдықтармен толық қамтылды, – деді облыс әкімі есепті кездесуінде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: