HALYQLINE.KZ 16 ақпан күні әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде Қызылорда облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Тұңғышбай Еркін «Ақпараттық технологияларды қолданумен жасалатын алаяқтықтар бойынша» брифингте түсіндірме берді.
2020 жылдың 12 айында Қызылорда облысы бойынша 644 алаяқтық қылмысы тіркеліп, оның 331-і (51,8%) «интернет-алаяқтық» қылмысына жатады.
Облыс көлемінде болған 331 интернет-алаяқтық қылмысының 9 дерегі бойынша күдіктілері Қазақстанның тыс жерлерінде, ал 173-і басқа өңірлерде орналасқан.
Осыған байланысты, облыстан тыс жерде жүрген күдіктілерге қатысты сол өңірдің полиция органдарына тапсырмалар беріліп, жедел жұмыстар ұйымдастырылған.
Тіркелген қылмыстардың негізгі бөлігі интернетте (Олх, Колёса) тауарларды сату немесе қызмет көрсету туралы хабарламаны орналастырумен байланысты. Алаяқтар өздерінің құрбандарын арзан бағамен, тауарды не қызметті тез жеткізумен қызықтырады. Сатып алушылардан жартылай немесе толық алдын ала төлем жасауды сұрайды, олардың шоттары үшінші адамдарға рәсімделіп отырады.
Алаяқтықты жасаудың негізгі және басты себебі – азаматтардың сенгіштігі. Осындай қылмыстарды ашу және тергеуде біршама қиындықтар бар, өйткені қылмыскер үшінші адамдарға тіркелген әртүрлі банк карталары мен карталарды, сондай-ақ әртүрлі абоненттік нөмірлерді пайдаланды. Көп жағдайда ақша қаражаттарын шешіп алу үшін жалған адамдарды пайдаланады. Аталған қылмысты ашу үшін заң жүзінде алынған деректерді мұқият талдау қажет, бұл нақты ұзақ уақытты талап етеді.
Бүгінгі күнге интернет арқылы жасалған алаяқтық қылмыстарының алдын алу, болдырмау бағытында іс-шаралар атқарылуда. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыстың тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алаяқтардың арбауына түсіп қалмау жайлы қандай сақтық шараларын сақтау керектігі түсіндірілуде.
Осы мақсатта халыққа қызмет көрсету орындары мен базарларда, сауда орталықтарында плакаттар жапсырылып, жаднамалар таратылған.
Брифинг барысында тұрғындарға интернет-алаяқтардан қорғанудың сақтық шараларына назар аударуды сұрады:
Тауарларды интернеттен сатып алған кезде тауарларды тек тексерілген сайттардан сатып алуды қарастырыңыз. Бұл қос сайт емес, ресми бет екеніне көз жеткізіңіз. Көбінесе қылмыскерлер ұқсас сайттарды жасайды, тек ресурстың сипаттамасын өзгертеді, танымал банктердің логотиптерін, сондай-ақ танымал брендтерді пайдаланады, бұл – адамды алдаудың тәсілдерінің бірі. Бұл жағдайда, егер сізден тауар үшін алдын-ала төлем сұралса, алдын-ала төлем шарттарын мұқият оқып шығу керек. Алаяқ интернеттен тапқан немесе басқа адамнан алаяқтық жолмен алған жеке куәліктің фотосуретін жібереді. Егер сіз басқа қаладан тауарға тапсырыс берсеңіз, туыстарыңыздан, таныстарыңыздан тауардың бар-жоғын және ұсынылған сипаттамаларға сәйкестігін тексеруді сұраңыз.
Егер Сізге ұялы байланыс телефоны арқылы банктен қоңырау шалып, менеджер немесе қауіпсіздік қызметінің қызметкерімін деп таныстырып, Сіз туралы немесе Сіздің шотыңыз туралы мәліметтерді сұрастырып жатады.
Егер сіз осы ақпаратты алаяқтарға телефон арқылы хабарласаңыз, ақша қаражаты дереу банк картасынан алынады.
Осындай жағдайда сөйлесуді тоқтатып, өз банкіңіздің жедел желісіне дереу қоңырау шалып, осы жағдай туралы хабарлау қажет. Банктің бірде-бір қызметкері клиенттерге қоңырау шалмайды және құпия деректерге қызығушылық танытпайды.
Инстаграмм арқылы тауарларды сатып алар алдында, сатушының ресми мекенжайын, сонымен бірге, ватсаппен немесе видео байланыс арқылы құжаттарын тексеріп, көз жеткізу қажет.
«Сіз жеңімпаз атандыңыз, Сізге арнайы сыйлығымыз бар немесе ақша ұтысы бар, құжаттың көшірмесін жіберіңіз» деп ұялы телефонға мәліметтер түсіп жатады. Осындай жалған мәліметтерге құжаттардың көшірмесін жіберуге болмайды. Сіздің атыңыздан алаяқтар заңсыз іс-әрекеттер жасауы мүмкін.
Брифинг соңында спикер тікелей эфирде тұрғындардан түскен сұрақтар мен сауалдарға жауап берді.
Қызылордалық полицейлер интернет-алаяқтық фактілер бойынша жақын маңдағы полиция бөлімшесіне, «102» арнасына немесе «102 мобильді қосымшасына» хабарласуды сұрайды.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!