Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түзеу мекемесіне есірткі тасыған…

15.02.2021, 10:00 444

HALYQLINE.KZ  Қызылорда қаласында пошта арқылы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандарға есірткі заттарын жөнелтілудің 3 дерегі анықталды.

Полиция қызметкерлерімен осы қылмыстық істің төңірегінде жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 10 ақпан күні аталған үш дерек бойынша Қызылорда қаласының 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабымен (Есірткі заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Айта кетерлік жәйт, 2021 жылдың 1 айында Қызылорда облысы Полиция департаментімен есірткі құқық бұзушылықтың 11 дерегі анықталып, оның ішінде есірткіні аса ірі мөлшерде сату мақсатында сақтаудың 1 дерегі анықталған. Заңсыз айналымнан 15 келіден аса марихуана есірткі заты тәркіленген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: