Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

67 мың тұрғынға тегін көмек көрсетілген

09.02.2021, 17:30 603

HALYQLINE.KZ Өңірде өткен жылы 67 мыңнан астам адам стоматолог көмегіне жүгінген. Яғни, МӘМС жүйесі арқылы тегін көмек алған. Статистикаға сүйенсек, пломба салдыру 15 пайызға артса, тіс жұлдыру 25-тен 18 пайызға төмендеген.

– Негізінде аймақта стоматологиялық орталықтар жекеменшік. Алайда тұрғындарға көмек көрсету мақсатында 2014 жылы облыстық стоматологиялық емхана ашылды. 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті әйелдерге, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көпбалалы аналарға көмек көрсетеді. МӘМС жүйесі арқылы пломба салу мен тіс жұлдыру тегін. Мәселен өткен жылы амбулаториялық оталар 1,5 пайызға , физиотерапиялық қызмет 65 пайызға өсті, – деді облыстық денсаулық басқармасының штаттан тыс бас стоматологы Қонақбай Мүсілімов.

МӘМС жүйесі арқылы 18 жасқа толмаған 32 мыңнан астам балаға стоматологиялық көмек көрсетілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: