Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

2 миллионның затын үптеп кеткен ұры ұсталды

01.02.2021, 18:00 510

HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 1978 жылғы облыс орталығының тұрғыны шағым түсірді. Белгісіз азамат, үйінің пластик терезелерін күштеп ашып кіріп, шкаф ішінде тұрған мутон шуба, жемчуг, бриллиант, алтын комплектілері мен бұйымдарын және де швейцарлық қымбат үлгідегі бірнеше қол сағаттарын қолды еткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын – 2 миллион теңге.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында 48 жастағы бұрын сотты болған, облыс орталығының тұрғыны ұсталды. Полицейлер күдіктінің бұдан өзге тағы да ұрлықтарға қатыстылығын анықтауда.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қызылорда қалалық Полиция

басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: