Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төтеншеліктердің тыныс-тіршілігімен танысты

24.02.2020, 17:19 405

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ғимаратында орналасқан азаматтық қорғау органдарының музейіне арнайы келген №222 орта мектептің 10-11-сынып оқушылары жауапкершілігі мол абыройлы да қауіпті қызметтің тыныс-тіршілігімен танысты.

Мұнда ардагер Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қолданған заттарын өз көзімен көріп, қолымен ұстап, ерекше сезімге бөленген жастар әрбір экспонаттың тарихи жәдігер екеніне көздері жетті. Талайы таңданысын жасармай, көкейдегі сұрақтарын қойып, саланың қыр сырына қанық болды. Шара барысында арнайы дайындалған видеоролик көрсетіліп жастардың азаматтық қорғау саласына деген қызығушылығын арттырды.

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департементінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов және өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Нұрсұлтан Ибрагимов оқушылармен кездесіп, азаматтық қорғау саласында қызмет етуге шақырды. Расында, халық қауіпсіздігі үшін өз өмірін қиюға әзір төтеншеліктердің өмірі бейнеленетін музей ішінде өткен кездесуде Омар Бержанов Көкшетау техникалық института оқуға шақырып, қойылатын талаптармен бөлісті. Жастар үшін өмірі ерлікке толы басшылардың арнайы келіп олармен жеке әңгімелесуі ерекше әсер қалдырып, бірі кездесуден соң азаматтық қорғау саласында қызмет етуді мақсат етсе, енді бірі көкейдегі сауалдарын жолдап, қызығушылықтарын арттырды.

Қызылорда облысы ТЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: