Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада екі алаяқ әйел сотталды

21.01.2021, 11:40 383

Өткен жылдың қыркүйек айында Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны  полицияға арызданып, екі әйелдің «Қызылорда қаласынан 1 бөлмелі пәтер алып беремін» деген желеумен жалпы 2 миллион 270 мың теңге көлемінде ақшасын алдап алғанын хабарлады.

Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен /алаяқтық дерегі/ сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

Тергеу барысында күдікті қатарында танылған Қызылорда қаласының тұрғындары 54 және 44 жастағы екі азаматша алдын ала сөз байласуы арқылы жасаған қылмыстық әрекеттерін толығымен мойындаған.

Одан бөлек, тергеу барысында олардың бұл қылмыстан бөлек басқа да алаяқтық қылмыс жасағандары анықталып, аталған қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген.

Тергеу барысында күдікті азаматшалардың алаяқтық іс-әрекеттері толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сот процесінде олар өз кінәсін толығымен мойындады.

Нәтижесінде, Қызылорда қалалық сотының 06.01.2021 жылғы үкімімен сотталушы азаматшалардың бірі кінәлі деп танылып 4 жыл мерзімге, ал екінші әйелді 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалды.

Қызылорда облысы

Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: