«Азаматтарға арналған үкіметтің» бастамасымен барлық аймақтарда «Халыққа жақын бол!» акциясы бастау алған болатын. Осыған орай, қаламыздағы №1 халыққа қызмет көрсету орталығында директор орынбасары Айнұр Шорабекқызы тұрғындармен ашық есік күнін өткізді.
Акция аясында Айнұр Шорабекқызы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, сұрақтарына жауап беріп, қызмет көрсетті.
«Біз халыққа сапалы қызмет көрсетіп, қызмет алушылар үшін оңай әрі жылдам қызмет көрсетуіміз қажет. Сонымен қатар, халыққа жақын болуымыз керек. Себебі қызмет көрсетуде әрбір пікір біз үшін аса маңызды» – деді директор орынбасары.
Айта кету керек, алдағы 5 айда облысымыз бойынша барлық ХҚО-да ашық есік күндері өткізілетін болады. Біздің мақсатымыз – тұрғындардың ұсыныс-пікірірлерін тыңдап, мәселелерін шешу, сіздерге жақын болу және елімізде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Қызылорда облысы бойынша
филилаының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!