HALYQLINE.KZ Ел президенті азаматтардың билік органдарына сенімін нығайту үшін бар күш-жігерді жұмсау керектігін айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
- Біз құқықтық мемлекетті дамыту және азаматтардың билік органдарына сенімін нығайту үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Бұл – өте өзекті міндет. Соған орай мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу айрықша маңызды. Осы бағыттағы реформалар жүйелі, байыппен орталықсыздандыруды, мемлекеттік аппаратты жаңғыртуды, квазимемлекеттік секторды оңтайландыруды және барлық үдерісті цифрландыруды қамтиды, – деді президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, сол арқылы мемлекеттік барынша ықшам, ашық әрі тиімді, ал шешім қабылдау үдерісі икемді және айқын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!