Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: 246 қару тәркіленген

13.01.2021, 14:30 511

HALYQLINE.KZ  Облыс көлемінде қару сақтау, пайдалану, алып жүру есебінде сегіз мыңнан астам азамат тұрады. Олардың иелігінде 11 мыңнан астам қару тіркелген.

Заңсыз айналымнан атыс қаруын тәркілеуге, ұрланған, жоғалған қаруды іздестіруге және атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын алу бағытында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүйелі түрде өткізілуде.

Шара барысында өткен жылы заңсыз айналымнан барлығы 246 қару тәркіленді. Құқықбұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабымен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік жауапқа тартылды. 8 мыңнан астам жеке қару иелерiнің аңшы қаруын сақтау заңдылығы тексерiлiп, азаматтық, қызметтiк қаруды, оған арналған патрондарды сақтау, пайдалану және тасымалдау ережелерiн бұзу дерегімен 542 құқықбұзушылық анықталып, әкімшілік шаралар көрілді.

2020 жылғы 1 шілдеден бастап республика көлемінде заңсыз сақтаудағы қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттарды қабылдау акциясы өткізіліп, оның барысында азаматтардан 79 өтініш түсті. 126 дана қару қабылданып, Қызылорда облысына республикалық бюджеттен бөлінген 8 млн 153 мың теңге қаражат толығымен игерілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: