Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Үй алып беремін» деп уәдені үйіп-төгіп беріпті

11.01.2021, 11:30 711

HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 31 жастағы қала тұрғыны арызданды. Азаматшаның айтуынша өткен жылдың шілде айында белгісіз екі азаматша Қызылорда қаласынан 1 бөлмелі пәтер алып беремін деп 2 270 000 теңге ақшасын алдап алған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 1967 және 1977 жылы туған екі әйел анықталды. Тұрақты жұмысы жоқ азаматшалар Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жеткізіліп, кінәсін толық мойындады.

Күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез құлық түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер толық жинақталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 300-бабының (Айыптау актісін және қылмыстық істі прокурорға жіберу) талабына сәйкес адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы жасаған алаяқтық дерегімен сотқа жолданған.

Қызылорда қалалық сотының 03.01.2021 жылғы үкімімен айыпталушылардың біріне қатысты 1 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі шешім шығарылды. Қазіргі таңда екінші күдікті әйелдің ісі сотта қаралуда.

Қызылорда қалалық Полиция

басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: