HALYQLINE.KZ Қазақстанда құжат алу үшін мемлекеттік баж төлеу керек, ал мемлекеттік баж жыл сайын өзгеретін айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне (АЕК) байланысты, – деп жазады Sputnik.kz сайты.
2021 жылы айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңгеге дейін өсті.
Паспорт пен жеке куәлік алу қанша тұрады?
Паспорт алуға мемлекеттік баж салығы – 8 АЕК немесе 23 336 теңге.
Жеке куәлік – 0,2 АЕК немесе 583,4 теңге.
Әдетте құжаттарды алу мерзімі – 15 күн. Бірақ қосымша ақы төлеп, құжаттарды жедел алуға болады.
Туу туралы куәлік
Қазақстанда туу туралы куәлік баланы тіркеу кезінде тегін беріледі.
Акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру – 0,5 АЕК немесе 1 458,5 теңге.
еGov мәліметіне сәйкес, баланың туғанын тіркеу қызметін ұсыну мерзімі – екі жұмыс күні, қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – жеті жұмыс күні.
Қажет болған жағдайда басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу – 30 күнтізбелік күннен аспайды.
Жүргізуші куәлігін алу қанша тұрады
Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж салығы – 1,25 АЕК немесе 3 646 теңге.
Неке қию және ажырасу
Неке қию құны – 1 АЕК немесе 2 917 теңге.
Ажырасуға өтініш беру – 2 АЕК немесе 5 834 теңге.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!