Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі ақын, журналист Рысты Бекбергенованы қабылдады

24.12.2020, 17:30 846

HALYQLINE.KZ Рысты Сейітжанқызы – еңбек жолында 30 жылдан астам уақыт мерзімді басылымда қызмет атқарып, ақпарат айдынында өз қолтаңбасын, сара жолын қалыптастырған тәжірибелі тілші.

Бүгінде 90 жасқа келген қария, өнегелі өмірінде тілшілік тіршілікпен қатар бойға біткен асыл өнер ақындықты да өлтірмей, бірнеше шығармалар жинағын жарыққа шығарған. Ақынның «Тұңғыш кітап», «Ана жүрегі», «Жырға сапар», «Өмірім өлеңмен өрнектелген», «Өмірдің ақ-қарасы» кітаптары өз оқырмандарын тауып, кітапсүйер қауымның қолына тиіп үлгерген.

Кездесуде қала әкімі өзінің қолдауымен басылып шыққан Рысты Сейітжанқызының «Өлеңім – менің тұңғышым» таңдамалы туындыларының жинағын құрметпен ақынға табыстап, «Бұл кітаптапты енді қаламыздың кітапханаларына қойып, оқырмандардың қолдан-қолға алып оқуына мүмкіндік жасайтын боламыз» деп, алдағы уақытта да ақын шығаршылығын кеңінен танытуға үлкен қолдаудың болатындығын жеткізді.

Өз кезегінде Рысты Бекбергенова 500 данамен жарыққа шыққан кітабын қолына алып, шаһар басшысына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: