Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚЫЗЫЛОРДА атауын өзгерткен жөн бе?

20.02.2020, 15:36 705

Пікір-пайым

Тастанбек СӘТБАЙ, тарих ғылымдарының докторы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры:

– Біріншіден, Қызылорда облысының атауын өзгертетін өзгеріске өзімді дайынмын деп айта алмаймын. Екіншіден, қарсымын. Ондай әуесшілдік әрекетті доғару керек. Тарихтың өзінің қалыптасқан атаулары бар. Қызылорда қаласы – жүз жыл бойы тарихымызбен біте қайнасқан аймақ. «Орда» деген өте жақсы сөз, оның «қызыл» деген сөзінен саяси астар іздеудің қажеті жоқ. Біздің зиялылардың қойған атауы және ғасырға жуық уақыт осы атаумен келе жатырмыз. Сондықтан бұл пікірмен келіспеймін. Одан да бар күшімізді қазақ халқының ішкі қасиеттерін ашып, әлеуетін арттыруға жұмсауымыз керек деп есептеймін.

«Қызылорда атауын өзгерткен жөн бе?»

атты мақаладан үзінді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: