Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқаев жеңілдікпен несие беруді тапсырды

09.12.2020, 14:00 511

HALYQLINE.KZ «Қасым-Жомарт Тоқаев қайырымдылық қорлары мен волонтерлер ұйымына жеңілдетілген несие беру мәселесін іске асыруды тапсырды» деп хабарлайды Ақорда. 

Оның айтуынша, аталмыш ұйымдарды қолдау мақсатында жеңілдетілген несие рәсімдеуге, сондай-ақ мемлекет меншігіне қарайтын нысандарды пайдалануға беруге жағдай жасау керек.

«Бұл ұйымдарға мемлекет тарапынан да, бизнес тарапынан да көрсетілетін ақшалай және басқа да көмектердің аясын кеңейту керек. Үкіметке тиісті ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын», – деді ол.

Қайырымдылық ұйымдардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін реестрді енгізу мәселесі айтылды. Азаматтар алаяқтар құрбаны болмас үшін онлайн-банкинг арқылы садақа беру қызметінің маңыздылығына тоқталды. 

Сонымен қатар, Волонтер жылының жабылу рәсімінде мемлекет басшысы Қайырымдылық бойынша жаңа заң әзірленіп жатқанын айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: