Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандық теннисшінің матчы жыл үздігі деп танылды

08.12.2020, 10:50 498

Әйелдер теннис қауымтастығы (WTA) ағымдағы жылдың ең үздік ойынын анықтады. Қауымдастықтың шешімімен румыниялық Симона Халеп пен қазақстандық Елена Рыбакина арасындағы ойын 2020 жылдың үздік матчы.

Спортшылар Дубайда өткен WTA турнирінің финалында кездескен болатын. 22 ақпанда өткен матч көрерменнің ыстық ықыласына бөленген. Румыниялық бірінші сетте отандасымыздан 3:6 есебімен жеңіліп, келесі сетте 6:3 есебімен басым түсті. Соңғы сет құдды шайқасқа айналғандай. Тартысты сет тай-брейкке дейн ұласып, Халептің жеңісімен аяқталған болатын. Осылайша, Симона Халеп өзінің жиырмасыншы титулына қол жеткізген еді.

Одан бөлек, бұл дәрежеге ағайынды Серене мен Винус Уильямстардың Лексингтонда өткен ойыны, Арина Соболенка мен Коко Гауфтың Остравадағы, Ноами Осака мен Анетт Контавейттің Цинциннати турниріндегі ойыны ұсынылған болатын.

Айта кететін жайт, WTA рейтингісінде Симона Халеп екінші орында тұрса, отандасымыз Елена Рыбакина 19-шы орында келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: