Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тағы бір алаяқ ұсталды

03.12.2020, 11:15 510

HALYQLINE.KZ

Қызылордалық полицейлер бөтеннің мүлкін заңсыз иемденудің алдын алу, алаяқтық қылмыстарының жолын кесу, кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту бағытында тиісті жұмыстар жүргізуде. 2020 жылдың 2 желтоқсанындаҚызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтықтық жасаған 34 жастағы қала тұрғынын құрықтады. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Күдікті азамат Қызылорда қаласының тұрғынына 2020 жылы мамыр айында облыс орталығында мөлтек аудандарының бірінде пәтерді арзан бағаға алып беремін деп, құжаттарын рәсімдеу үшін 130 мың теңге ақшасын алдап алған.Алайда ақшасын алғанмен, уәдесінде тұрмаған.

Қазіргі таңда осы іске қатысы бар күдікпен ұсталған 1984 жылы туған жұмыссыз азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: