HALYQLINE.KZ 26 қарашада Қызылорда қаласы полиция басқармасына 1993 жылы туған азаматша арызданған.
Онда 23 қараша күні әлеуметтік желідегі «OLX» парақшасы арқылы «Айфон-6» маркалы ұялы телефонын ер-азаматтың жарамсыз күйде сатып жіберіп, алдап кеткені туралы көрсеткен.
Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қала тұрғыны анықталып, ұсталды.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтяқ) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!