Қызылорда облысында «Қауіпсіз үй» республикалық профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр деп хабарлайды, halyqline.kz тілшісі kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері іс-шараның алғашқы үш күнінде облыс орталығында 602 проблемалық тұрғын үй мен өзге де нысанды аралап, тексерді.
- 893 проблемалық мекенжай анықталып, оның 163-і бойынша кешенді профилактикалық жұмыс жүргізілді. 76 қолайсыз отбасы ерекше бақылауға алынды. Көші-қон саласында 125 құқықбұзушылық анықталды. Ел аумағында заңсыз жүрген 118 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 шет ел азаматын республика аумағынан мәжбүрлеп шығару жөніндегі құжаттар сотқа жолданды, — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
416 қару иесін тексеру нәтижесінде сақтау және тіркеу талаптары бұзылған 6 қару тәркіленді. Тіркелмеген 3 атыс қаруы айналымнан алынды.
- Жедел-профилактикалық жұмыс барысында есірткі жарнамалайтын 4 граффити жазуы жойылды. Тұрғылықты жері жоқ 4 адам ұсталды. Түнгі рейдтер кезінде құқық бұзған 53 жасөспірім полиция органдарына жеткізілді, — делінген хабарламада.
Фото: видеодан скрин
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!