HALYQLINE.KZ 9 қыркүйекте Қызылорда қаласы, Яссауи-Мүсірепов көшелерінің қиылысында 30 жастағы жүргізуші «Лада Гранта» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, Яссауи көшесіндегі үйлердің темір қоршауына соғып, жол-көлік оқиғасы болған.
Қызылорда облысының сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер) рәсімделген әкімшілік іс қаралды.
Сот қаулысымен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!