Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түйткілді мәселелер талданды

19.11.2020, 15:00 500

HALYQLINE.KZ  Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбековтың төрағалығымен өткен аудан әкімдігінің мәжілісінде азаматтардың денсаулығы мен амандығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар талданды.

Жиын барысында аудан әкімі жұқпалы аурулар мен өлім-жітім деңгейін төмендету, азаматтардың саналы түрде өз денсаулығы үшін жауапкершілігін ұғынуы мен салауатты өмір салтын қалыптасыру туралы атқарылған жұмыстарды саралады.

«Бірінші байлық – денсаулық» деп дана халқымыздың сөзі бекер айтылмаған. Ауырсақ тәнімізді емдеп, жанымызға шипа сыйлайтын денсаулық сақтау мамандары да азаматтарға сауатты, сапалы қызмет көрсету керек екенін ұмытпаған жөн. Халықтың денсаулығын сақтау мемлекеттік саясаттың басты бағыты, – деді аудан басшысы.

Сонымен бірге күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық аурухананың бас дәрігері Б. Нысанбаев, Қармақшы аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Төлепбергенова хабарлама жасады.

Бірінші болып сөз алған аудандық аурухананың бас дәрігері Б. Нысанбаев аудан көлемінде туберкулез ауруын анықтау, алдын-алу және емдеу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Ауылдық елді мекендердегі бірқатар медициналық пункт, дәрігерлік амбулатория ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп келеді.

Айта кетерлік жайт, жедел жәрдем көліктері де жаңаланып, соңғы медициналық жабдықтармен жарақтандыру қолға алынуда. Мұның барлығы ел игілігіне арналған істер.

Ал, екінші мәселе бойынша аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Төлепбергенова Сovid-19 инфекциясына қарсы күрес жұмыстарымен профилактикалық және дезинфекциялық шаралардың жүргізілуі жайлы тоқталып өтті. Науқастардың жұқпалы ауру ошағын анықтау мақсатында эпидемиологиялық тексеру картасы арналғанын айтып. Көршілес Байқоңыр қаласына шет мемлекеттерден келетін адамдар көп, сол себептен коронавирус індетінің алдын алу жұмыстарын күшейту керек және елді мекендерге қатынайтын такси жүргізушілерін, әсіресе Төретам – Ақай елді мекендеріне қатынайтын такси жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, керек жағдайда тест сынамаларын алу қажеттілігін жеткізді.

Өз кезегінде аудан әкімі Мұса Оспанұлы жауапты сала мамандарына сауалдарын қойып, тиісті басшыларға тапсырмаларды жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: