Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қар үстіне салынған асфальт сүріледі

19.11.2020, 13:00 486

Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округінде қар үстіне асфальт төсеген мердігер мекеменің теріс әрекеті әшкереленді. Ұзындығы 1 шақырымды құрайтын Досқожин көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекет бюджетін­ен 34,6 миллион теңге қаржы бөлінген. Ал тендер жеңімпазы деп танылған «НАБАТ-2000» ЖШС келісімшарт бойынша жол құрылысын шілде айында аяқтауы міндеттелген. Алайда­ ала  жаздай  бейқам жүрген кәсіпкер қыс түс­кенде­ асфальттау  жұмыстарын бастап, заң норма­ларымен  белгіленген талаптарды өрескел бұзып  отыр.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалы директорының уақытша міндетін атқарушы Ержан Усманов қар үстіне салынған жолдың­ сапасын «өте нашар» деп бағалады.

– Біріншіден, күз мезгілінде­ ауа температурасы +10 гра­дустан төмен болса, асфальт салуға қатаң тыйым салынады. Екіншіден, жылжымалы зертханамен алған сынамада жолдың қалыңдығы 3,8 сантиметрді көрсетті. Ал жоба бойынша 6 сантиметр болуы тиіс. Және де асфальттың құрамында сәйкессіздік көп екені тез үгітілуінен көрініп тұр. Тағы бір кемшілік, асфальттың  астына  битум құйылмаған, – дейді білікті маман.

Бір сөзбен айтқанда, жолдың сапасы ешқандай сын кө­термей­ді. Тексеру қорытындысы шықпай жатып, жол салу жұмыстары тоқтатылды. Ал көшенің құрылысын белгіленген мерзім­інен кешіктіргені үшін Қызыл­жарма ауылдық округінің әкімдігі мердігер мекемен­і сотқа  беріп  отыр.  Алдағы  уақытта  «Сапалы­ жол – адалдық алаңы» жобасы аясында Досқожин көшесінің  жолы қоғам белсенділері мен құзырлы  органның  қатаң  бақылауында  болады.

Әділбек  ЖАҚАНОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: