Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Самғау» жастар сыйлығы беріледі

03.11.2020, 17:30 1339

HALYQLINE.KZ Бұл туралы бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында қала әкімінің орынбасары Есжанов Асқарбек Темірбекұлы мәлімдеді.

Қызылорда қаласының жастарына арналған «Самғау» сыйлығы бұған дейін 8 жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, Қызылорда қаласынан 80 жас марапатталған. Биыл бұл шара 9-рет ұйымдастырылғалы отырған «Самғау» сыйлығына құжат қабылдау 2 қараша мен 23 қараша күндері аралығында жүргізіледі.

Ереже талаптарына сәйкес сыйлыққа үміткер ретінде 14 пен 28 жас аралығындағы Қызылорда қаласының кез-келген жастары қатыса алады және арнайы құрылған комиссия қорытындысымен лайық деп табылған 10 жасқа 100 мың теңге көлеміндегі сыйақы табысталады.

– «Самғау» жастар сыйлығы – 10 аталым бойынша, яғни білім мен ғылым, журналистика, қоғамдық қызмет, спорт, медицина, мәдениет, кәсіпкерлік, өндіріс салаларында табысты еңбек етіп, өз саласы бойынша жоғары көрсеткіштерге жетіп жүрген және ерен еріктілік танытып, бейбіт күнде батырға тән ерлік көрсеткен жастарға табысталады. Сонымен қатар, қоғамның жалпы дамуына қосқан үлесі мен инновациялық идеяларына басымдық беріліп, жаңашыл бастамалары есепке алынады», – деді қала әкімнің орынбасары А.Есжанов.

Айта кетейік, қатысушының жетістіктері соңғы 3 жыл көлемінде болуы шарт және осы сыйлыққа деңгейлес байқауларда жеңімпаз атанған азаматтар қатыстырылмайды.


1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Ереже Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығы байқауын (бұдан әрі – байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін реттейді.

1.2. Жастардың азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, қала жастарының білім, ғылым, өнер, мәдени деңгейінің артуына және жастар саясатындағы өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, талантты, білімді, саяси және қоғамдық өмірде белсенді жастарды көтермелеу және қолдау мақсатында, осы Ережемен бекітілген номинациялар бойынша беріледі.

1.3. Қызылорда қаласы жастарына арналған сыйлық 10 жасқа сыйлық көлемі 100 000 (бір жүз мың) ЖТС (жеке табыс салығын) қосқанда) теңге тағайындалады және бір адамға екі мәрте, сонымен қатар, осы уақытқа дейін осы сыйлықты алған жастарға қайта берілмейді. Бір кандидат біреуден артық номинация бойынша ұсыныла алмайды.

1.4. Кандидатураларды ұсыну орталық, жергілікті және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тіркелген өзге де заңды тұлғалар, сондай-ақ өзін-өзі ұсынушылар жүзеге асырады.

2. ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

2.1. Байқауды дайындау және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

2.2. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері: 

  • Ақпараттық-әдістемелік конкурстық құжаттаманы әзірлеу, бекіту және ұсыну;
  • БАҚ-пен өзара іс-қимыл, оның ішінде БАҚ және Интернет, теледидар мен радио арқылы Байқау туралы ақпаратты дайындау және тарату;
  • Өтініштерді қабылдау (көрсетілген мерзім ішінде), Ережеге сәйкес байқау қатысушыларын таңдау;
  • Қазылар алқасының жұмысын ұйымдастыру (комиссия отырысы туралы алдын ала хабарлау).

3. КОНКУРСТЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

3.1 Қазылар алқасы құрамына қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, мәдениет қайраткерлері, спорт өкілдері және т.б. кіруі мүмкін. Байқау қатысушыларымен еңбек катынасы және туыстық қатынастар болса, олардың оқытушылары және жетекшілері қазылар алқасының мүшесі бола алмайды;

3.2. Қазылар алқасы мүшелерінің жалпы саны тақ санды құруы керек. Қазылар алқасының шешімі дауыстардың көпшілігімен қабылданады және хаттамамен рәсімделеді;

3.3. Байқаудың ұйымдастырушы комитеті және қазылар алқасы катысушылардың деректерін өңдеу кезінде құпиялылықты сақтауы тиіс;

3.4. Құрылған байқау комиссиясы Ережеге сәйкес кандидаттарды таңдап алады;

3.5. Қазылар алқасының құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі;

3.6. Қазылар алқасын төраға басқарады, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары.

Білікті қазылар алқасының міндеттері:

  • Байқауға түскен өтінімдерді қарастырады;
  • Номинациялар бойынша қатысушыларды анықтайды: 
  • «Білім және ғылым» саласында 
  • «Журналистика» саласында 
  • «Қоғамдық қызмет» саласында 
  • «Спорт» саласында
  • «Медицина» саласында 
  • «Өндіріс қызметкері» саласында
  • «Кәсіпкерлік» саласында
  • «Ерлігі үшін» номинациясында 
  • «Еріктілік» номинациясында 
  • «Мәдениет» саласында 

Қазылар алқасының шешімі қайта қарастырылмайды!

4. БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. 14 пен 28 жас аралығындағы барлық қала жастары (өтінім ұсыну кезінде қатысушының жасы 28 жастан аспауы керек);
  2. Өз саласында жоғары жетістіктерге жеткен, жоғары санаттағы мамандықтарды игерген жастар;
  3. Сонымен қатар, өз саласының және қоғамның жалпы дамуына қосқан үлесі мен инновациялық идеялары қошталады;
  4. «Самғау» сыйлығына үміткерлер төмендегі критерийлер бойынша іріктеледі:
  • Өз саласы бойынша (10 номинация бойынша) жоғары және жақсы көрсеткіштерге, жетістіктерге қол жеткізген;
  • Әлеуметтік маңызды жобалар және қоғамдық өмірге белсене қатысуы;
  • Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жетілдіру бойынша қосқан жаңашыл бастамалар;
  • Жеке басының жетістіктері;
  • Облыстық, республикалық және халықаралық сайыстарға қатысуы және жеңімпаз аталу;
  • Қатысушының жетістіктері соңғы 3 жыл көлемінде болуы
    1. Қатысушылардың ұлты, нәсілі, жынысы, діні, білім деңгейі мен әлеуметтік жағдайына шектеу қойылмайды;
    2. Осы сыйлыққа деңгейлес байқауларда жеңімпаз атанған азаматтар қатыстырылмайды.

5. БАЙҚАУДЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ

  1. Қызылорда қаласының жастарына арналған «Самғау» сыйлығы үш кезең бойынша ұйымдастырылады.

Дайындық кезеңі: үміткерлердің құжаттарын және өтінім қабылдау.

Өтінімдерді қабылдау уақыты: 2020 жылдың 2-23 қараша күні аралығы. Өтінімнің қабылдау уақыты 23 қараша күні 18:00-дейін.

Өтінімдерді қабылдау орны: Қызылорда қаласы, К.Байсейітова №82 мекенжайы бойынша орналасқан қалалық «Qosyl» жастар ресурстық орталығы» КММ-не тапсыруы қажет (09:00-18:00 аралығында, сенбі-жексенбі күндері құжаттар қабылданбайды).

1-кезең: Өтінімдерді қабылдау кезеңі.

2-кезең: 2020 жылғы 24 қараша мен 1 желтоқсан аралығында үміткерлер қазылар алқасы алдында «Менің үздік 3 жетістігім және жоспарым» тақырыбында презентация (бейнеролик, слайд және т.б.) жасайды. Презентация жасау барысында өз-өзін таныстыруға шектеу қойылмайды. Презентация жасауға үміткерлерге 3 минут уақыт беріледі. Екінші кезең қорытындысы бойынша «Самғау» сыйлығының жеңімпаздары комиссия шешімімен анықталады.

3-кезең: «Самғау» сыйлығының иегерлерін марапаттау.

  1. Қала жастарына арналған «Самғау» сыйлығының номинациялары:
  1. «Білім және ғылым» саласы;
  2. «Журналистика» саласы;
  3. «Қоғамдық қызмет» саласы;
  4. «Спорт» саласы;
  5. «Медицина» саласы;
  6. «Өндіріс қызметкері» саласы;
  7. «Кәсіпкерлік» саласы;
  8. «Ерлігі үшін» номинациясы;
  9. «Еріктілік» номинациясы;
  10. «Мәдениет» саласы.
  1. Тікелей қатысушы атынан Осы ереженің қосымшасына сәйкес құрастырылған өтінім Байқауға қатысуды растайды .
  2. Бекітілген мерзімнен кейін Байқауға түскен өтінімдер ҚАРАСТЫРЫЛМАЙДЫ! 

6. БАЙҚАУҒА ҰСЫНЫЛҒАН МАТЕРИАЛДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

6.1. Конкурсқа қатысу үшін 1-қосымшаға сәйкес өтінімді және құжаттарды ұйымдастырушы комитетке тапсыру қажет;

6.2. Құжаттар 1-қосымшаның орнатылған тәртібіне сәйкес тігілген құжаттармен бірге папкада ұсынылады, сондай-ақ барлық құжаттар сканерленіп, qyzylordasamgau@gmail.com электронды почтасына жүктелген болу тиіс;

6.3. Құжаттарды қатысушы жеке өзі ұсынады және құжаттардың түпнұсқалары (папкалар мен құжаттар электронды түрде) ұйымдастырушыда қалады;

6.4. Қатысуға өтінім 2-қосымшаға сәйкес өз қолымен толтырылады және 3*4 форматтағы сурет салынады;

6.5. Өтінімнің берілген күні құжаттар ұсынылған кезде ғана белгіленеді;

6.6. Қабылданған материалдар қатысушыларға қайта қайтарылмайды;

6.7. Ұйымдастырушылар қатысушылардың талаптарға сәйкес келмейтін құжаттарды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

6.8. Байқауға деңгейлес өзге байқауларда жеңімпаз атанған жастар қатыса алмайды. Ұсынылған құжаттар кері қайтарылады;

6.9. Құжаттар тіркеуден өткеннен кейін өзгерістерістер енгізілмейді.

1 қосымша 

Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі

  • Жұмыс орнынан/оқу орнынан/ саласы бойынша мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардан ұсыным хаттары (қол жеткізген жетістіктері мен мараптатарын көрсете отырып);
  • Түйіндеме (қазақ және орыс тілдерінде жазылған, 3*4 фотосуретімен);
  • Өмірбаяны;
  • Жұмыс орнынан (тұрақты жұмыс орны болса)/оқу орнынан/мектебінен анықтама;
  • Орта арнаулы немесе жоғары білім туралы диплом (көшірмесі);
  • Жетістіктері (алғыс хаттары, мақтау қағаздары, дипломдары және т.б.) сканер арқылы жасалған көшірмелері;
  • «Мен осы сыйлыққа неге лайықтымын?» тақырыбында қатысушы үміткерлердің өздерінің жетістіктері бойынша 1 минуттық видео-ролик әзірлеп, әлеуметтік желіде «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығының @qosyl.mrc инстаграмм парақшасын белгілеп жариялау;
  • Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша өткізген, қатысқан шаралар жайлы мәлімет, жарияланған мақалалар, жүзеге асырған жобалары және басқа да ұсыныс, кепілдеме хаттары;
  • 10*15 фотосуреті (1 дана, электронды нұсқасымен);
  • Жеке куәлігі (көшірмесі, Қызылорда қаласының тұрғыны екендігін айқындайтын құжат ұсыну;
  • Банкте есеп-шоты бар екендігін растайтын анықтама қоса ұсынылуы қажет (жеңімпаз болып танылған жағдайда сыйақы көрсетілген есеп-шотқа аударылады);
  • Құжаттар бекітіліп, беттеліп ұсынылуы қажет (портфолио түрінде). 

Қосымша ақпараттарды қалалық «Qosyl» жастар ресурстық орталығы» КММ-нен алуға болады. 

Байланыс телефон: 26-17-53

3*4 фото

2 қосымша 

3*4 Фото 

Тіркеу өтiнiмi

Teгi__________

Аты__________

Әкесінің аты (бар болған жағдайда)_________

2. Туған күні, айы, жылы (толық)________

3. Ұсынушы ұйымның толық атауы/өзін-өзі ұсыну________

4. Номинация ________

5. Білімі ________

6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ________

7. Ағымдағы қызметі (үміткердің жұмыс орны, лауазымы/оқу орны)_________

8. Жұмыс немесе қоғам қызметінің өтілі _________

9. Мекенжайы ________

10. Байланыс телефондары _________

11. Электрондық пошта _________

ЕскертуДербес деректерді өңдеуге келісім беремін, менімен ұсынылған құжаттар шынайы, сәйкессіздік және құзырсыз деректер үшін жеке жауапкершілігін көтеремін.

________________                 __________________________________________

    (қолтаңба)                  Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) 

«___»__________________20___жыл

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: