Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қақпа алдындағы кездесу

02.11.2020, 10:15 435

HALYQLINE.KZ Жазатайым немесе қасақана жағдайда қылмысқа барып, жазаға тартылған сотталған азаматтардың жаза мерзімін толық өтеп, темір тордан босатылғаннан кейін бостандықтағы өмірге сіңісіп, қоғамға қайта бейімделіп кетуі үшін «Қақпа алдында кездесу» жобасының маңызы зор.

Осы орайда ЗК-169/1 мекемесінен бостандыққа шығуына 2-3 ай қалған жазасын өтеушілерге «Қақпа алдында кездесу» шарасы өткізілді. Бұл іс-шараға, мекеме бастығы әділет подполковнигі А.Тасқараев, қалалық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Б.Арыстанов, қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының заңгері А.Адранов, қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Н.Көшекбаев, қатысты.

Жоба аясында мамандар әлеуметтік байланыстарды орнату, кәсіби білім алу, біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту, кепілді медициналық көмегін алу, құқықтық көмек, құжаттарын қайта қалпына келтіру бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіп, кеңестер берді. Жоба аясында қажетті ақпараттар алып, сауалдарына жауап алған сотталған азаматтар мекеме әкімшілігіне және сала мамандарына алғысын білдірді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: