Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алмаз Шарман: Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталып кетті

16.10.2020, 9:10 571

HALYQLINE.KZ

Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталып кеткен. Медицина докторы Алмаз Шарманның пайымы осы. Бұған дәлел: елдің бірқатар облыстарында науқастар саны өсіп, шектеу шараларының қайтадан енгізілуі дейді. Мәселен бүгін Солтүстік Қазақстанда карантин күшейтілді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Коронавирусты жұқтырғандардың көбеюіне байланысты, 16 қазаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы тағы үш ауылда карантин талаптары қатаңдатылады.

COVID-19-дан келесі жылдың ортасына қарай құтылуымыз мүмкін. Вирусолог-ғалым вирустық инфекцияға қарсы вакцина сол уақытта дайын болуы ықтимал деді. Оған дейін тұрғындар бетперде киіп, арақашықтықты сақтаған дұрыс. Сонымен қатар, Алмаз Шарман елде локдаунды желтоқсан-қаңтар айларында жариялаған дұрыс деп есептейді.

Алмаз Шарман, вирусолог-ғалым, медицина ғылымдарының докторы:

– Ауру қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан және басқа да қалаларда өршіп жатқандығы сезіліп тұр. Күн суығандықтан, енді вирус бой көтереді. Сондықтан мейілінше, адамдар көп жинауды тоқтату қажет. Халық түсіну керек, коронавирустың қауіпті екендігін, қазірдің өзінде миллион науқас қайтыс болды. Менің ойымша, жыл аяғында шектеу шараларын қатаңдату керек. Себебі: бұл нағыз аурушаңдық өсетін уақыт.

Әлемде де сәт санап жағдай ушығып барады. COVID-19-бен ауырғандар саны 39 миллионға жуықтады. Өткен тәулікте дүниежүзінде қытайлық кеселдің 85 мыңдай жаңа жағдайы анықталып отыр. Қазақстанмен шекаралас Ресей мен Өзбекстанда да індеттің өсу қарқыны байқалады. «Коронавирус» сөзін айтуға тыйым салған Түрікменстанда бірде-бір науқас тіркелмепті. Пандемияның екінші толқыны басталды дегенді естіген халықтың бойында қазір үрей басым. Оған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қызметкерінің мына жазбасы себеп болған.

Сумья Сваминатан, ДДСҰ бас ғылыми қызметкері:

– Қазір COVID-19-дың өсіп жатқанын байқап отырмыз. Шамамен екі аптадан соң өлім санының артуы да әбден мүмкін.

Франция Президенті елдің бірнеше аймағында коменданттық сағат жариялады. 17 қазаннан бастап енгізілетін режим 4 аптаға созылмақ. Тіпті 1 желтоқсанға дейін ұзартуы мүмкін деген болжам да бар. Тұрғындарға сенбіден бастап кешкі сағат тоғыз бен таңғы алтыға дейін көшеге шығуына қатаң тыйым салынады. Егер заңға бағынбаған жағдайда 135 еуро көлемінде айыппұл салынады. Қазіргі таңда вирус бүкіл Францияға тарап үлгерді. Франциядағы эпид-ахуал тамыздан бері қиындап түскен. Өткен сенбіде індетке шалдығудың рекордтық жағдайы тіркелді. Бір тәулікте 26 мыңнан аса жағдай анықталған. Бұдан бөлек, Ұлыбританияның Лондан қаласында да 17 қазаннан бастап шектеу шаралары күшейтілмек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: