Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыста 1800 азамат мобильді топтар арқылы құжаттандырылған

07.10.2020, 16:50 513

HALYQLINE.KZ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысында аймақтағы көші-қон саласында қызметтердің көрсетілу барысы баяндалды, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Көші-қон қызметі саласымен жыл басынан 66000-нан астам электронды түрде, 2000-нан астам қағаз түрінде мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Биыл пандемияға байланысты облыс аумағына шетелдіктердің келуі азайған. Қазіргі таңда көші-қон қызметі саласымен облыс аумағына түрлі мақсаттармен 2800 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынған. Уақытша тіркелгендердің саны өткен жылмен салыстырғанда 86 пайызға азайған.

«Мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы адамдарды, көпбалалы аналарды, мүгедектерді құжаттандыру мақсатында көші-қон қызметі және ХҚКО мамандарынан жасақталған, тұрғылықты жері бойынша үйлеріне баратын арнайы мобильді топтар жұмыс істеуде. Бүгінгі күнге мобильді топтарымен барлығы 1800ден астам облыс тұрғындары құжаттандырылып, оларға дайын құжаттары табысталды», – деді облыстық көші-қон қызметі басқармасының басшысы Арун Жолдасбаев.

Айта кету керек, мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, облыстың полиция департаментінің көші-қон қызметі саласы бойынша 12 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Бүгінгі күнге қызметтердің 60 пайызы электронды түрде көрсетілсе, жыл аяғына дейін 90 пайызға жеткізу жоспарланған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: