Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тілді құрметтеу – тектілік

29.09.2020, 13:00 1063

HALYQLINE.KZ «Бір тіл білсең – бір адамсың, екі тіл білсең – екі адамсың» деген ғибратты сөз қашанда өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Бүгінгі таңда ел жастары тіл білудің маңызын жақсы түсініп, жаңа қоғамға кірудің кілті деп санайды.

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Солай бола тұра, әлем сахнасында тұтастық пен бірліктің үлгісін көрсете білді. Қазіргі таңда мемлекетімізде қоныс тепкен ұлттар мен ұлыстар, диаспоралар бір шаңырақ астында уықтай бірігіп келеді. Оларды тіліне, дініне не ұлтнына қарай бөлу біздің болмысымызға жат тірлік. Мемлекеттің мемлекет деңгейіне көтерілуі тілінің тұғырлы болуында. Мемлекеттік тіл саясатын орындау жолында Қызылорда облысының Полиция департаментінің қызметкерлері де белсенділік танытып келеді. Бүгінгі таңда мекемедегі қызметкерлердің барлығы мемлекеттік тілде ауызша және жазбаша байланыста. Мемлекеттік тілде ұйымдастырылған іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарды алып жүр. Жылына бір рет «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді білу деңгейін дәлелдеп келеді.

Біз бүгін осындай шараларда мемлекеттік тілдің өресін биіктетіп жүрген мекемедегі өзге ұлт қызметкерлері туралы мақтанышпен айтатын боламыз. Олардың бірі – Федорук Владимир Сергеевич. Ұлты украйн. Қызметтегі өсу жолдарын хронологиялық тәртіппен баяндайтын болсақ, 2006 жылы ҚПБ патрульдік полиция қызметінің полицейі;

2010 жылы ҚПБ кезекші бөліміні ғимаратты күзету тобының инспекторы;

2011-2012 жылы ОПД Тылмен қамтамасыз ету басқармасының қару жарақ сақтау қоймасының инспекторы;

2013-2018 жылы ҚПБ анықтау бөлімінің аға анықтаушысы;

2019 жылдан бастап ОПД ЖПҚБ патрульдік полиция қызметінің жұмысын ұйымдастыру тобының аға инспекторы болып қызмет атқарады. Владимир мекемесі мен ортасындағы достарына әріптестеріне сыйлы әрі беделді. Жүрген жерінде ұлттық құндылықтарымызды құнттап, сақтау керектігін ұрпаққа ескертіп жүреді. Дәстүрлі «Парасатты полицей » республикалық байқауына қатысып, өз дәрежесінде бағын сынады. Туған тілдің киесімен тыныстап, бойтұмарындай сақтауды өзіне азаматтық парыз санайды.

Көкірегі еліне деген махабатқа толы, ұлттық рухты ту етіп санайтын тағы бір мақтанышымыз – Тен Әл-Фараби Александрович.

2017 жылдан бері Жалағаш ауданының полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесіні әкімшілік полиция тобының жол және техникалық инспекциясы тобының мемлекеттік инспекторы полиция аға лейтенанты.

Тен Әл-Фараби – 27 жаста. Құжатты қазақ тілінде рәсімдеп, мемлекеттік тілде сөйлейді. Әл-фараби атамекенге деген ықыласын риясыз жеткізуден жалыққан емес . Бұл ісі орта буын ағаларға кіші буын інілерге үлгі.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру арқылы кызметкерлердің кәсіби рухани өсуіне жол ашылатыны анық. Сонымен қатар, азаматтық келбеті айқындалып, ұлттық болмысы шыңдала түседі. Тіл – тарихтың айнасы, ертеңгі күннің бейнесі. Тіл – егемендіктің биік сатысы, ұлттың ұлт екенін дәлелдейтін төлқұжаты. Ал, оны сақтау, кейінгі ұрпаққа жұмыр күйінде аманаттау – біздің парыз. Бабалар аңсаған, аналар армандаған баға жетпес теңдессіз дүниенің діңгегі мықты, тамыры терең болсын десек, ұлттық патриотизмді жоғалтпауымыз шарт. Олай болса, бір шаңырақ астында шырқалатын бірлік пен татулықтың әуені сарқылмасын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: