Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тез бітіріп қоятын жігіттерге арналған кеңестер

20.09.2020, 11:00 2284

HALYQLINE.KZ

Еркек қалады ма, әйелін шешіндіріп, тірлігін тындыра салады. Бұл жағынан табиғат сараңдық танытпаған. Ал, әйелдің жыныстық қатынаста қаншалықты қанағаттануы еркектің «ісінің» ұзаққа созылуына байланысты. Келіп қалған шәуһатын ұстай алмай, тез бітіріп қоятын жігіттер үшін бірнеше кеңестер ұсынамыз. Бұл әйеліңіздің тояттауына, арадағы некенің, қатынастың одан сайын нығая түсуіне көмектеседі.

1. Секс туралы ойламау

Ең оңай әдіс. Жыныстық қатынас кезінде ойыңызды алып жатқан ләззаттан мүлде басқа жаққа бөліңіз. Футбол туралы, кино туралы ойлаңыз, тіпті ішіңізден ҚР Әнұранын айтыңыз, жатқа білетін өлеңді қайталаңыз. Бастысы, дауыстап емес, тек ішіңізден айтыңыз. Әйеліңіз түсінбей қалып жүрер)

2. Арнайы құралдар

Төсек қатынасын бастамас бұрын 2 дана мүшеқап киіп алыңыз. Ол еркектің жыныстық мүшесінің сезімін төмендетіп, эрекцияның ұзаруына септігін тигізеді. Яғни, жыныстық қатынас ұзарады.

3. Жаттығу

Жыныстық қатынас уақытын қадағалау үшін арнайы жаттығу бар. Ол өте қарапайым. Кіші дәретті шығарып жатып, ортасында тоқтай қалыңыз. Солай 1-2 минутқа шыдап көріңіз. Оны қолыңызбен емес, мүшенің бұлшықеттерін жиыру арқылы жасайсыз. 1-2 минуттан соң қажетіңізді өтей беруіңізге болады. Осы жаттығуды күніне бірнеше рет қайталасаңыз, мүшеңіздің бұлшықеттерін қадағалауға дағдыланып, жыныстық қатынасты ұзарта аласыз.

4. Секс алдындағы мастурбация

Жыныстық қатынасқа түспей тұрып, мастурбация арқылы шәуһатты шығарып алыңыз. Екінші рет бәрібір ұзақтау болады. Бірақ, екіншіге күшіңіз жетпей қалып жүрмесін, сол жағын да ойлап қойыңыз.

5. Ең тиімді жол

Секспен жиі айналысыңыз. Тұрақты түрде төсек қатынасымен айналысатын болсаңыз, бітіру жағынан қиындықтар туындамайды.

Төсекте өзіңіздің ғана емес, сүйіктіңіздің де тояттауын көздеңіз, сонда бәрі керемет болады.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: