HALYQLINE.KZ «Мұз айдыны» спорт кешені 17 тамыздан бастап өз жұмысын бастады. Әзірге үйірмелер карантиндік талаптарды сақтай отыра жаттығуларын жүргізеді. Ал, жаппай сырғанауға рұқсат жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қазақстан спортшылар одағы Қызылорда облыстық филиалының басшысы, «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры Илья Ильин мәлімдеді.
«Мұз италияндық жүйемен құйылады. Қазіргі таңда жаттығулар басталды. Шайбалы хоккейді дамытуға басымдық берудеміз. Алматы қаласының «Медведи» спорттық клубының басшыларымен кездесіп, келіссөздер жүргіздік. Бізге екі бапкер келеді. Ұлттық құрамаға іріктелетін жас спортшыларды дайындайды. Бұл жоба жүзеге асса Сырдың жас хоккейшілерінің шеберлігін арттыруға сеп болады», – деді Илья Александрович.
Спорт кешеніндегі үйірмелерге қатысатын балалар саны азайған жоқ. Керісінше, қызығушылық танытушылар артты. Жекпе-жек, көркем гимнастика, таэквондо, спорттық би, мәнерлеп сырғанау, хоккей секілді 11 спорт секциясы бар. Тағы жаңа спорт үйірмелерін ашу үшін қосымша 2 ғимарат салынады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!