Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аспалы шамнан келген ажал

06.02.2020, 10:49 719

Жанардың отбасы бұл үйге көшіп келгенде ол  он екі жаста  болатын. Бастапқыда бәрі жақсы­ болғанымен, әкесі қайтыс болғаннан кейін  Жанардың мінез-құлқы өзгере бастады. Әдетте үнемі көңілді жүретін қыз сабақтан  келе сала бөлмесіне кіріп,  ешкіммен сөйлеспей, томаға­-тұйық қалыпқа түсетінді шығарды. Қызының бұл мінезін жасөспірімдік кезеңге балаған  Салтанат ештеңеден күдіктене қоймады. Бірде ол  Жанарды сабағына ояту үшін оның бөлмесіне барды. Бөлмесінің есігі  ішкі жа­ғынан кұлыптанғанын білген анасы екінші кілтпен ашпақшы болды. Бірақ ішкі есігінде кілт тұрғандықтан есік ашыла қойма­ды. Жүрегі бір жамандықты сезген  Салтанат  дереу  ұлы  Әлиді оятты.­ Екеуі есікті аша алмай ұзақ әуреленді. Есік ашылмаған соң, есікті бұзып кірді. Бөлмеге бірінші боп кірген Салтанат көз алдындағы көріністі көріп қозғалмастан бір орнында қатып қалды. Анасының жүзінен Әли бір жаман­дықтың болғанын іштей сезді. Десе де бөлмеге кірді. Қарсы алдында қарындасының  аспалы  шамға ілініп тұрғанын көріп жүрегі шым ете қалды. Мүмкін әлі тірі болар деген оймен­  Жанарды  көтеріп жерге жатқызды. Бірақ бұл уақытта  Жанардың  демі  әлдеқашан үзілген  еді.

Міне, арада 2 жыл өтті. Салтанаттың әр күні өз-өзін кінәлаумен өтіп жатыр. Мұндай азапқа шыдай алмағандықтан, бұл үйден құтылғанша асықты. Сөйтіп үйді сатылымға қойды. Көп ұзамай­ үй де сатылды. Жаңадан  қоныстанған Мұрат  пен Гүлім еш уайымсыз тұрып жатты. Бір күні ас үйде тамақ әзірлеп жүрген Гүлім қызын дауыстап шақырды. Келе қоймаған соң бөлмесіне  барды. Бөлмеге кірсе, Балнұр айнаға қарап біресе күліп, біресе ашуланып сөйлеп отыр екен. Гүлім ерке қызының өз-өзімен сөйлесіп отырғанын көріп күліп жіберді.

– Қызым айнаға қарап сонша бұлдан­ғаның  не?  Сұлулығыңа көңілің толмай отыр-  ау  сірә?!, – деді.

Анасының келгенін енді ғана байқаған Балнұр:

– Жоқ, анашым, мен жай ғана өзімнің актрисалық қабілетімді  байқап отырғаным ғой, – деді.

Гүлім оның сөздеріне аса мән бере қойған жоқ. Дегенмен  қызының өнерге бейім қабіле­тіне­  іштей қуанды. Ертесіне дастарқан басында­ Балнұр әкесі мен анасына мектептен алған марапа­ттарын көрсетіп отырып, өзінің басқа қалаға киноға түсуге баратынын айтты. Мұндай жаңалықты күтпеген Балнұрдың әкесі қызының  бұл әрекетін әзіл деп қабылдады. Ал анасы­ болса Балнұрдың өнерге жақын екендігін, бірақ,  оны  басқа қалаға жібермейтінін айтты. Он жеті жасқа толғанына 3-4 ай болған Балнұр өзін шешім қабылдай алатын ересек адамдай  сезінді. Сондықтан ол ата-анасының айтқан сөздерін тыңдағысы келмей бөлмесіне кетіп қалды.  Әкесі қызын тоқтатпаса, осылай жал­ғаса  беретінін  біліп, соңынан барды.

– Біз сені қатарыңнан кем қылмай өсірдік, тәрбиеледік. Сондағы айтқан алғысың осы болға­ны ма? Сенің ойыңша сен өзіңді бойжет­тім, ешкімнің ақылы керек емес деп ойлайтын шығарсың. Бірақ біз саған жаман болсын демейм­із. Біз үшін сен әлі баласың. Басқа қалаға барып  жамандыққа ұрынып қала ма деп уайым­даймыз,- деді.

Балнұр әкесінің бірде-бір сөзін құлағына асқан жоқ. Үстел үстінде тұрған қайшыны алып, денесіне сұғып алды. Өзінің жасаған әрекетінен өзі шошынған Балнұр әкесіне қарап:

– Әкешім, мені алып кетеді, – деп қайталай берді. Мұрат айқайлап  Гүлімді шақырды. Көз алдында қансырап жатқан қызын көрген Гүлім есінен танып қалды. Ары қарай не болғаны есінд­е жоқ. Жедел жәрдем келген соң ғана есін жиды. Медбике Балнұрға тыныштық керегін және жүйкесі аздап зақымданғанын ескертті. Күндер өтіп жатты. Балнұр әке-шешесімен мүлде сөйлеспейтін болды. Бір күні кешке Мұрат жұмыстан келе жатса, есіктің алдында бір топ адамдар тұр екен. Не болғанын түсінбей үйге кірді. Гүлім ақ матаға ораған  адамның қасында отыр. Кімге не болғанын түсінбей әлек болған Мұрат жан-жағына қараса, тегіс көрші-қолаң жиналыпты. Көптің ішінен үлкен қарт кісі:

– Мұратжан айналайын, бекем бол, жалғыз қызыңнан айрылу оңай емес, – деген сөзінен кейін Мұрат ақ матаға оранған адамның Балнұр екендігін ұқты. Не сенерін, не сенбесін білмей абдырап Гүлімнің жанына барып мән-жайды сұрады. Гүлімнің жылай-жылай көзі  ісіп кеткен. Тек, «Балнұрым, жалғызым» деп қайталай берді. Осы үйдің жанында көп жылдардан бері көрші тұрып келе жатқан Қарсыбай ақсақал жиналғандарға  қарап:

– Бұл үй ешкімге опа бермеді-ау. Сендерден бұрын бұл үйде жас отбасы тұрып еді. Ұлы мен қызы бар еді. Кейін әкесі дүниеден өткен соң, қызының мінезі өзгеріп кетті. Ешкіммен сөйлеспейтін болды. Күндердің бір күні Балнұр сияқты өз-өзіне қол салып, аспалы шамға асылып­ қалды. Екі бірдей қыз баланың өлімі аспалы­ шамнан болғаны тегін дүние емес. Бәлкім  мұның  бір  құпиясы  бар шығар. Ол жағы  бір  Аллаға аян, – деді.

Жылдар жылжып, уақыт зырғып өтіп жатты.­ Мұрат пен Гүлім бұл үйді сатқанымен ешкімнің алмайтынын білген соң, жай ғана тастап кетті. Ал аспалы шамның ашылмаған сырлары беймәлім  күйі  қалды.

Мөлдір   ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ,

ҚМУ-дың  4-курс  студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: