Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шенеуніктер шетелден шот аша алмайды

02.09.2020, 9:45 618

HALYQLINE.KZ Шенеуніктердің отбасы мүшелеріне шетелдік шоттар ашуға тыйым салынады. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

«Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспар өзектендіріледі және оффшорлық юрисдикцияларға ақша аударымдары бөлігінде заңнама жетілдіріледі», – деді Е.Жамаубаев.

Алдағы уақытта иинистрлік FATF ұсынымдарын орындайды, атап айтқанда:

– мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың лауазымды тұлғаларына және олардың отбасы мүшелеріне шетелдік шоттарды ашуға тыйым салуды енгізу;

– салық органдарының кәсіпкерлік субъектілерінен түпкілікті бенефициарлар туралы мәліметтерді алу құқығын заңнамамен бекіту.

«Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің салық органдары арасында ақпарат алмасу аясында ҚР резиденттерінің қаржылық шоттары туралы мәліметтерді талдау. Салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру бойынша жұмыс жандандырылды. Астана-1, Электрондық шот-фактуралар жүйесі және Виртуалды қойма іске қосылды. Бұдан басқа, темекі және алкоголь өнімдерін таңбалау пилоттық жоба ретінде жүргізіледі және онлайн-бақылау кассалық машиналары (БКМ) енгізілді», – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейіңн Президент Жолдауында 2021 жылдан бастап мемқызметшілердің шетел банктерінде есепшот ашуына шектеу қойылатыны айтылған.

«2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетел банктерінде есепшотқа ие болуы, қолма қол ақша және бағалы заттар сақтауына қатысты жемқорлықпен күрес аясында жаңа шектеулер енгізу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: