HALYQLINE.KZ Елімізде оқушылардың 80 проценті қашықтан оқиды. Нақтырақ айтқанда 2,6 млн оқушы. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОҚК брифингінде айтты.
- Оқушылардың 15 проценті кезекші сыныптарға баратын болды. Олардың ата-аналары өздерінің өтініштерін беріп отыр. Бұл 530 мың баланы құрайды. Ал оқушылардың 5 проценті, яғни 202 мың бала дәстүрлі форматта оқитын болады. Олар – шағын жинақты мектептерде оқитын балалар, – деді министр.
Еске салсақ, елімізде ата-аналарының өтініші бойынша 1-4 сынып оқушылары кезекші сыныптарда дәстүрлі түрде оқи алады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!