HALYQLINE.KZ «Елдегі көтерілістен соң Мали президенті Ибрагим Бубакар Кейт отставкаға кетті» деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Осы уақыттан бастап, өз өкілеттігімді тоқтатамын деп шешім қабылдадым. Мен билігімнің сақталғаны үшін қан төгілгенін қаламаймын», – деді президент тікелей эфирде.
Сонымен қатар, ол елдің парламенті мен үкіметі таратылатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, осыған дейін Малиде көтерілісшілер президент Ибрагим Бубакар Кейт пен премьер-министрді кепілге алғаны туралы хабарланған еді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!