Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырдария арнасы тазартылады

14.08.2020, 17:45 507

HALYQLINE.KZ  Сырдария өзенінің Қызылорда қаласы тұсындағы 8,9 шақырым бөлігінің арнасын тазарту үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Алдағы уақытта мердігер мекеме анықталып, тиісті жұмыстар басталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Медет Усаин мәлімдеді.

– Қармақшы ауданы бойынша Сырдария өзенінің «Белтақыр» учаскесінде ұзындығы 2 300 метр және «Сарыөзек» учаскесінде ұзындығы 1 500 метр болатын қорғаныс бөгеттерін жөндеу және нығайту жұмыстары. Сонымен қатар, Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің «Бумажник» учаскесінде ұзындығы 600 метр қорғаныс бөгетін ағымдағы жөндеу және нығайту жұмысы және Жаңақорған ауданы, Бірлік елді мекеніндегі ұзындығы 3 513 метрді құрайтын «Бірлік» тау каналын түзету, күшейту, аршу және «Шұқырой» көліндегі гидротехникалық қондырғысына күрделі жөндеу жұмыстары жүруде, – деді сала басшысы.

Бұған қоса, 5 учаскені жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Олар:
1) Арал ауданы, Құмбазар елді мекені тұсындағы «Кеңесарық» каналының ұзындығы 4 340 метр ұлтанын тазалау;
2) Арал ауданы, Қызылжар елді мекені тұсындағы Сырдария өзенінің «Жүсіпәлі иіні» учаскесіндегі ұзындығы 500 метрлік қорғаныс бөгетін қайта қалпына келтіру3) Қазалы ауданына қарасты Сарыбұлақ учаскесіндегі су тоспасын қайта қалпына келтіру. 1 газ турбиналы қондырғысын салу;
4) Жаңақорған ауданы, Жайылма елді мекеніндегі ұзындығы 21 073 метрлік «Жігерлім» тау каналын аршу, тазалау және қазу жұмыстары;
5) Жаңақорған ауданы, Құттықожа тау каналының ұзындығы 35 362 метр бөлігін аршу және тазалау жұмыстары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: