Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Түнеп шықсаң, жатып қалғанды тұрғызады, көтере алмағанды туғызады»

12.08.2020, 18:00 1980

HALYQLINE.KZ Суреттегі мына тасты баянауылдықтардың қалай атайтынын қайдам, уикпедияда «Ер адам мүшесі» жотасы деп көрсетіпті.

Атына заты сай, ә?.. Туристік жерге айналдыруға әбден болады. Сұранып-ақ тұр. Көп шығынды қажет етпейді де.

Ел арасында «түнеп шықсаң, жатып қалғанды тұрғызады, көтере алмағанды туғызады» деген әңгімені таратыңызшы. Абсолютно серьезно! Ауладағы апаларға айтқызыңыз, уатсаптағы әйелдерге жазғызыңыз, чаттарға таратыңыз. Болды, жетіп жатыр. Басқа жарнаманың керегі де жоқ. Подло, но эффективно.

«Сарафанное радионың» күші кез келген БАҚ-тан мықты. Содан кейін халық өзі-ақ ағылады. Түнеп шығу үшін бір ай бұрын кезекке тұратындар табылады. Біраз уақыт өткеннен кейін «бұл неткен тылсым жер?» деп берісі Ресейден, арысы Америкадан туристер өздігінен келе бастайды.

Ақшаның астында қаласың…

Мәселен, осыдан біраз уақыт бұрын Қапшағайға қыдырып барғанымда демалып жүрген ресейліктерді көріп қалдым. Сұрастырсам, Иркутсктен келген орыстар екен. «Өздеріңізде Байкал тұрғанда ат шаршатып неге әуре болдыңыздар?» деп сұраймын ғой. Сөйтсем, «Қапшағайдың суы шипалы екен» деген әңгіме сол кезде Шығыс Сібірге әжептеуір тарапты. Соны естіп келген туристер екен. Міне, өсектің құдіреті қайда жатыр… Ұятты жиып, осылай жасау керек.

Әзиз Жұмаділдің фейсбук парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: