HALYQLINE.KZ Елімізде жыл басынан бері 3 баладан Кавасаки синдромы анықталған. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді.
– 13 наурыздан бері Қазақстанда 2257 баладан коронавирус инфекциясы табылған. Қазір 114 бала ауруханада жатыр. Ал Кавасаки синдромы, яғни баланың ортаңғы және кіші тамырларын зақымдайтын, өте ауыр өтетін жүйелі ауру 3 баладан анықталды. Біреуі Нұр-Сұлтан қаласында, біреуі Алматыда, үшіншісі Петропавлда тұрады, – деді Ортком қызметінде өткен брифинг барысында Бағдат Қожахметов.
Бағдат Қожахметов бұл өте сирек кездесетін ауру екенін және әр баланың денсаулығына қатысты әртүрлі ақпарат барын айтты. Мәселен, Нұр-Сұлтанда ауырып жатқан баланың жағдайын дәрігерлер орташа деп бағалаған.
Айта кетейік, Қазақстандағы мессенджерлер мен WhatsApp-чаттарда коронавирус инфекциясы балаларда Кавасаки синдромын қоздыратыны, сондай-ақ, қазір ауруханаларға денесінде бөрткен пайда болған балалардың өте көп түсе бастағаны туралы хабарламалар тарап жатыр.
Окудын ози коркынышты Аллам балаларға жар болсын! Балалар ауырмасын!