HALYQLINE.KZ Советтік құрылыстың алғашқы кезінде Финанс наркомы болған Сокольниковтың әйелі, белгілі жазушы Галина Серебрякова 1933 жылы Сәкенді Москвада үйіне қонаққа шақырып, әдемі қобдиша сыйлады. Сол үйден шыға бере Сәкен қағазға ораған қобдишаны ашып, толған айдың сәулесіне тосты да: «Осындай көркем нәрсені ұстаған әйелдің саусағына қол тию қандай рақат!» деді. Сәкен сол сияқты сәнді нәрсені көбірек жинауға тырысатын еді.
Асты Сәкен таңдап, дәмдісін ғана ішетін. Тыңқия тоюды ұнатпайтын.
Сәкен аса уәдешіл болатын. Уәделі ісін бұлжытпай, кезінде орындайтын. Екі сөз айтпайтын.
Әдебиетте немесе басқа мәселелер жөнінен айтыс-тартысқа ол сирек қатынасатын. Қатынасқан жиналыстардың көбінде егер біреу қытығына тимесе сөйлемейтін.
Жазбаша болмаса, ауызша айтысқа шорқақ болатын. Адал сынға ашуланбайтын. Арам сынның біразына жауап бермейтін.
(Жазушы Сәбит Мұқановтың естелігінен)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!