«Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының психологтары Жаппасбай Нұрсейітов атындағы №233 орта мектептің 11-сынып оқушыларына «Менің болашағым – менің қолымда» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды.
Мақсат – бітіруші сынып оқушыларының өзін-өзі тану дағдыларын дамыту, жеке мүмкіндіктерін бағалау, өмірлік мақсаттарын айқындау және саналы шешім қабылдауға бағыт беру.
Тренинг барысында оқушылар болашақ мамандығын таңдау, ҰБТ-ға дайындық, өзіне деген сенімділік пен жеке жауапкершілік мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, «Егер менің өмірім фильм болса…», «Таңдау сызығы», «Қорқыныштан – әрекетке», «Менің ішкі ресурсым» секілді психологиялық жаттығулар орындалды.
Топтық тапсырмалар мен жағдаяттық ойындар арқылы қатысушылар түрлі өмірлік жағдайларда шешім қабылдау жолдарын қарастырып, өз көзқарастарын ортаға салды. Сондай-ақ, өзін-өзі тану және темперамент ерекшеліктерін анықтауға арналған сауалнамалар жүргізілді.
Кездесу оқушылардың өз мүмкіндіктеріне көз жүгіртіп, болашаққа қатысты ойларын жүйелеуіне мүмкіндік берді.
Мұндай психологиялық-ағартушылық кездесулер жасөспірімдердің тұлғалық дамуына, өмірлік бағдарын қалыптастыруына және өз болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
«Болашақ бүгінгі таңдаудан басталады!».
Сенімен Болашақ РҚБ
Қызылорда облыстық филиалы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!