Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арал теңізінің ұлтанына сексеуіл егу жалғасуда

26.11.2026, 0:26 25

Арал теңізінің құрғаған табанында орман алқаптарын қалыптастыру және экологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Бүгінде Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі күзгі сексеуіл көшеттерін отырғызу және бұрынғы жылдары егілген екпелерді толықтыру жұмыстарын бастады.

Ағымдағы жылғы күзгі толықтыру жұмыстары 2023 және 2025 жылдары жүргізілген екпе алқаптарында жүзеге асырылуда. Отырғызылатын көшеттер мекеменің өз тұқымбағынан және Қазалы орман шаруашылығы мекемесінен жеткізілді.

Жоспарға сәйкес, жалпы 4 418 гектар аумаққа 1 325 400 түп сексеуіл көшетін отырғызу көзделген.

Бұл жұмыстар – Арал теңізінің құрғаған табанында жасыл желек қалыптастыруға, шөлейттену мен тұзды шаңның таралуын азайтуға және табиғи ортаны қалпына келтіруге бағытталған маңызды қадам.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: