Бұл туралы «Роскосмос» хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Кеше Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-36» жүк кемесі тиелген «Союз-2.1б» зымырантасығышы сәтті ұшырылды.
Зымыран Астана уақытымен сағат 15:17-де (Мәскеу уақытымен 13:17-де) көкке көтерілген.
Жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, экипаж мүшелеріне қажетті тұрмыстық заттар мен жұмыс жабдықтарын жеткізеді.
Сондай-ақ жүк құрамында «Теледроид» ғылыми эксперименті үшін әзірленген адамға ұқсас робот бар. Ол ғарыштағы зерттеу жұмыстарына пайдаланылмақ.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!