Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жарнама талаптарын бұзғандарға ескерту жасалды

24.11.2026, 15:15 17

Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, сыртқы жарнама нысандарына рейд жүргізді. Рейдтің мақсаты — заңсыз жарнаманың алдын алу, шаһардың сәулеттік келбетін сақтау.

Аралауда рұқсат құжатынсыз әрі талапқа сай келмейтін жарнама нысандары анықталды. Сонымен қатар, кейбір кәсіпкерлердің жарнама орналастырғаны үшін мемлекеттік кірістер органдарына салық төлемейтіні белгілі болды. Мұндай нысандардың иелеріне ескерту берілді.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына сәйкес сыртқы көрнекілік нысанын орналастыру үшін жергілікті атқарушы органнан белгілі бір мерзімге рұқсат алу қажет. Ескертуді елемеген жағдайда жарнама нысандары заңнамаға сәйкес алынып тасталады. Бұл бағыттағы бірлескен рейдтер жалғасуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: