Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚТЖ-ның жаңа басшысы тағайындалды

24.11.2026, 14:50 21

HALYQLINE.KZ

Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін басқарған Ерсайын Нағаспаев ҚТЖ-ның жаңа басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен Нағаспаев Ерсайын Қайырғазыұлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.

Ерсайын Нағаспаев Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2025 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымын атқарды.

2021-2025 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарушы директоры болды.

Әр жылдары Инвестициялар комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінде жұмыс істеген. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінде, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК-да басшылық қызметтерде болған.

Сондай-ақ Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары, «Астана» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: