Қазақстанда соңғы бес күнде көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан рөлге отырған 245 азамат анықталды. Олардың 115-і әкімшілік қамаққа алынса, 130-на айыппұл салынған. Сондай-ақ құқық бұзушылардың барлық 245 автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Halyqline.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылған кейбір азаматтар заң талаптарын елемей, қайтадан көлік тізгініне отырады. Тәртіп сақшылары мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертті.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді сот шешімін орындауға, заң талаптарын қатаң сақтауға және өзге азаматтардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!