Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Екеуі бір-бірін жек көреді»: Трамп Путин мен Зеленскийді тіл табысуға шақырды

19.11.2026, 15:30 18

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысты тоқтату үшін Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің ортақ мәмілеге келуі қажет екенін мәлімдеді. Ақ үй басшысының айтуынша, екі ел президентінің арасындағы қарым-қатынас күрделі болғанымен, соғысты аяқтау үшін олар келіссөз жүргізуге тиіс. Трамп өзінің екі саясаткермен де жақсы қарым-қатынаста екенін атап өтті, деп хабарлайды Halyqline.kz.

– Тыңдаңыздар, олар қалай да тіл табысуы керек. Бұл екеуі бір-бірін жек көреді, бірақ тіл табысуды үйренулеріне тура келеді, – деді Дональд Трамп.

Америка президенті өзінің билікте болған кезеңінде мұндай соғыстың басталуына жол бермес еді деген пікірін тағы да қайталады. Сонымен қатар ол АҚШ-тың бұрынғы әкімшілігі Украинаға 350 млрд доллар бөлгенін мәлімдеп, қазіргі биліктің қару-жарақ жеткізу тәртібі өзгергенін айтты. Трамптың сөзінше, Вашингтон қару-жарақты Еуропа елдеріне толық құнымен сатады, ал олар оны Украинаға жеткізеді.

Ақ үй басшысы қару-жарақ саудасынан түсетін қаржылық пайдадан гөрі адам шығынын тоқтатуға мүдделі екенін жеткізді. Оның бағалауынша, соғыста қаза тапқандар саны екі миллионға жақындаған, ал тараптар ай сайын шамамен 25 мың адамынан айырылып отыр. Дегенмен Трамп келтірген адам шығыны мен қаржылай көмек көлеміне қатысты көрсеткіштерді тәуелсіз расталған деректер ретінде қабылдауға болмайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: