Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада шенеуніктер түрмеге экскурсияға барды

18.11.2026, 17:05 81

Қызылорда облысында мемлекеттік қызметкерлер үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының өкілдері Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемеге барып, оның жұмыс тәртібімен танысты, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Іс-шара сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілер арасында заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізілді. Экскурсия барысында қатысушыларға мекеменің негізгі қызмет бағыттары, ішкі режим талаптары мен қызметтік міндеттердің орындалу ерекшеліктері түсіндірілді. Сонымен қатар қызметтік әдеп нормаларын сақтау, лауазымдық өкілеттіктерді адал орындау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу мәселелері қозғалды.

Кездесуде мемлекеттік органдар өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызын талқылап, заңдылық пен ашықтық қағидаттарын ұстану қажеттігін атап өтті. Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай профилактикалық шаралар мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттырып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: