Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оспан Президенттік олимпиададан жүлделі оралды

18.11.2026, 15:00 78

HALYQLINE.KZ

Білім – болашаққа апарар ең жарық жол. Осы жолда талмай еңбек етіп, өз мектебінің абыройын асқақтатып жүрген оқушыларымыз баршылық. Соның жарқын дәлелі – №85 мектептің 11-сынып оқушысы Оспан Махамбетжановтың жетістігі.

Оспан жуырда өткен Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінде мықтылардың арасынан суырылып шығып, жүлделі III орынды иеленді. Бұл – жай ғана жеңіс емес, бұл – жылдар бойғы тынымсыз еңбектің, табандылық пен білімге деген сүйіспеншіліктің жемісі. Республикалық кезең – еліміздің ең талантты, ең білімді оқушылары бас қосатын ең беделді дода. Осындай үлкен бәсекеде жүлделі орын алу – үлкен жауапкершілік пен терең білімді талап етеді. Оспан осы сынақтан сүрінбей өтіп, өзінің жан-жақты, білімді, ойы ұшқыр шәкірт екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жеңістің артында, әрине, ұстаздардың өлшеусіз еңбегі жатыр. Оспанға бағыт-бағдар беріп, білімін шыңдап, жеңіске жетелеген пән мұғалімдері С.Кубеева, Ж.Кармысакова, Ж.Алматқа мектеп ұжымы атынан зор алғыс айтамыз.

Ұстаздың берген тәлімі мен шәкірттің қажырлы еңбегі тоғысқанда ғана осындай биік нәтижеге жетуге болады. Оспан, сені шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы ҰБТ-да да жоғары балл жинап, армандаған оқу орныңа түсуіңе тілектеспіз! Сен – №85 мектептің ғана емес, бүкіл Сыр өңірінің мақтанышысың! Жеңісің құтты болсын, Оспан!

Назира Жакипова,

№85 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қармақшы  ауданы,

Төретам  кенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: