Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

18.11.2026, 0:48 23

Сырдария ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Ахетовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына тиісті мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе – аудан бойынша терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар, жыл ішінде қол жеткізілген нәтижелер және 2027 жылға арналған мақсат-міндеттер туралы болса, екінші мәселе – аудан аумағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу деңгейі және жүргізілген тексерулер барысында анықталған негізгі кемшіліктер туралы болды. Үшінші мәселе – ағымдағы жылы аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның және комиссия жанындағы жұмысшы топтың атқарған жұмыстары туралы баяндалды.

Аудан әкімінің орынбасары баяндамашылардың ақпараттарын тыңдап, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуді, жастар арасында жат идеологияның таралуына жол бермеу және олардың діни сауаттылығын арттыру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу талаптарының сақталуына ерекше назар аударып, жүргізілген тексерулер барысында анықталған кемшіліктерді жою, объектілердің қауіпсіздік жүйелерінің талапқа сай жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді. Комиссия мен оның жанындағы жұмысшы топтың жұмысын алдағы кезеңде де үйлестіріп, белгіленген міндеттердің орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: